«Ақ жол» мүшелері Бейнеу ауданында үгіт-насихат өткізді

Автор: Асыл Арман

Тұрғындарға партияның ұстанымдары түсіндірілді

Фото: «Ақ жол» партиясы/Видеодан скрин

«Ақ жол» еріктілері Бейнеу ауданындағы сауда орталықтарында партияның Құрылтай сайлауы науқаны аясында ақпараттық үгіт-насихат жұмысын ұйымдастырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Көпшілік орындарда тұрғындарға партияның сайлауалды бағдарламасы мен негізгі бастамалары таныстырылып, ақпараттық материалдар таратылды. Сонымен қатар белгіленген орындарға үгіт материалдары орналастырылды.

Сондай-ақ, тұрғындарға партияның ұстанымдары мен ел болашағына бағытталған ұсыныстары туралы ақпарат жеткізілді.