«Ақ жол» партиясының төрағасы Павлодар облысында жұмысшылармен кездесті

Автор: Асыл Арман

Партияның сайлауалды бағдарламасы түсіндірілді

Фото: «Ақ жол» партиясы/Видеодан скрин

Павлодар облысында «Ақ жол» партиясының төрағасы Дания Еспаева «Рубиком» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Құрылтай депутаттығына сайлау науқаны аясында өткен жиында Дания Еспаева кәсіпкерлікке жағдай жасау мен еңбек адамдарын қолдауға арналған партияның нақты ұсыныстарын таныстырды.

Ашық пікір алмасу барысында қызметкерлердің сұрақтарына жауап беріп, олардың ұсыныстарын тыңдады.