Қазақстан Халық партиясы Астанада еңбек ұжымымен кездесіп, маңызды мәселелерді ортаға салды

Автор: Асыл Арман

Жұмысшылардың көкейінде жүрген өзекті мәселелер тікелей ортаға салынды

Фото: ҚХП/Видеодан скрин

Қазақстан Халық партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидаттар – Нұржан Биякаев, Теміржан Әбдірахманов және Қайыркен Амантаев «ТД СТЗ Арыстан» ЖШС еңбек ұжымымен жүздесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Зауыт қабырғасында өткен ашық диалогта жалаң уәде болған жоқ. Жұмысшылардың көкейінде жүрген өзекті мәселелер тікелей ортаға салынды.

Жұмыскерлер инфляция жайлаған заманда айлықтың қымбатшылыққа ілеспей жатқанын, маман тапшылығы мен оның түпкілікті себептерін айтса, біздің үміткерлер еңбек қауіпсіздігі мен әлеуметтік кепілдіктердің шынайы көрінісін суреттеп, Қазақстанда жасалған өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдарын ұсынды.

Еңбеккерлер өтініш-тілектерін жолдап, кәсіпорынды дамытуға қатысты өз ойларымен бөлісті.