Олар 7 елден келген
Орталық сайлау комиссиясы 7 шет мемлекет пен 9 халықаралық ұйымның өкілін, яғни 405 халықаралық байқаушыны қосымша аккредиттеуден өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Осылайша, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауын бақылау үшін Орталық сайлау комиссиясы тарапынан ресми тіркелген халықаралық байқаушылардың жалпы саны 656 адамға жетті.
Еске салсақ, 23 тамызда Құрылтай сайлауы өтеді. Оған елдің 7 саяси партиясы қатысады.