Жиында өңірдің өндірістік әлеуетін арттыру мәселелері сөз болды
Маңғыстау облысында «Ауыл» партиясынан ҚР Құрылтайы депутаттығына кандидаттар Қуанышбай Озғамбаев пен Мақсат Рзаханов, сондай-ақ сайлауалды штаб мүшелері «КазНИПИМұнайГаз» ЖШС еңбек ұжымының өкілдерімен жүздесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жиында өңірдің өндірістік әлеуетін арттыру, отандық кәсіпорындарды қолдау, еңбек адамдарының құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері сөз болды.
Кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасындағы негізгі бағыттарға тоқталып, кәсіпорын қызметкерлерінің ұсыныстары мен пікірлерін тыңдады. Сондай-ақ мұнай-газ саласына қатысты өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, өндіріс саласын дамытуға қатысты ұсыныстар талқыланды.