Жеребе қызықты әрі ықшамды болған
Құрылтай депутаттығына кандидаттар арасындағы үшінші теледебатта партиялардың сөйлеу реті жеребе арқылы анықталды. «Байтақ» жасылдар партиясына 6-нөмір бұйырды. Партия өкілдері бұл санды «қолайсыздық» деп емес, жігерлендіреді деді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Партияның атқарушы хатшысы әрі кандидат Алмат Тұртаевтың сөзінше, жеребе қызықты әрі ықшамды болған. Соңғы болып таңдау жасағандықтан қалған санды алғаннан басқа амал қалмады. Бірақ алтыншы болып сөйлеудің өзіндік плюсі барын айтқан ол қарсыластардың сөзін саралап-сараптауға мүмкіндік болады дейді.
«Алты. Қандай сан дегенге келсек, бұл – екі рет үш деген сөз. Біздің партияға екі рет дауыс беретіндер көп болсын деп әзілдейік. Ал шын мәнінде, дебатта барлығын тыңдап, естігенімізді саралауға мүмкіндік туады. Нөмір бізді мүлде алаңдатпайды, керісінше, одан сайын қамшылай түседі», - деді Алмат Тұртаев.
Партия хатшысы 12 тамызда өтетін үшінші теледебат мазмұнды әрі қызықты өтеді деп сенеді.