Күйеу жігіт өзінің қалыңдығына бара жатқан
Әзербайжанның Балакен қаласында бір отбасы үшін қайғылы жол-көлік оқиғасы болды. Үш автокөліктің соқтығысуы салдарынан төрт адам қаза тапты. Олардың үшеуі бір отбасының мүшесі еді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
27 жастағы Рашад Муталлибовтың тойы 27 тамызға жоспарланған болатын. Отбасы дәл осы салтанатты іс-шараға дайындалып жатқан еді.
Анасы мен ұлы 10 тамызда, Сарыбұлақ ауылындағы зиратқа жерленді. Отбасы ошағының иесі Яшар Муталлибов бүгін 11 тамызда жубайы мен ұлының қасына жерленді.
Қаза тапқан азаматтың бауыры Расим Муталлибов Baku TV арнасына трагедияның қалай болғанын айтып берді.
«Бiз ағамды, оның жұбайын және ұлын жоғалттық. Жеңгемнің отбасы Горанбойдан болатын. Олар тойға шақыру қағаздарын тарату үшін сонда бара жатқан жолында осы қайғылы оқиға болды», – деді ол.