Тоқаев жойқын жер сілкінісіне байланысты Колумбия президентіне көңіл айтты

Автор: Асыл Арман

Тоқаев Колумбия президентіне арнайы жеделхат жолдады

Фото: Wikipedia

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Колумбия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорданың мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Колумбиядағы жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты Қазақстан халқының және өзінің атынан президент Абелардо де ла Эсприэльяға және оның отандастарына көңіл айтты.

«Президент қаза тапқандардың туған-туыстарының сабырға келуіне және із-түссіз жоғалған жандардың тез арада отбасыларына оралуына тілектестігін білдірді», – делінген Ақорданың хабарламасында.