Қазақстан Халық партиясы Қонаев қаласында еңбек ұжымымен кездесіп, түйткілді мәселелерді талқылады

Автор: Асыл Арман

Партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылды

Фото: ҚХП/Видеодан скрин

Қазақстан Халық партиясы сайлауалды үгіт-насихат бағдарламасы аясында Қонаев қаласындағы «Alma Mater Fields» ұжымының жұмысшыларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кездесу барысында Құрылтай кандидаттары – Ғалымжан Абдраймов, Эльмира Әуезова және Еркебұлан Дудабаев партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, ауыл шаруашылығын дамыту, еңбек адамын қолдау және аграрлық саланың өзекті мәселелері талқыланды.