Партияның сайлауалды бағдарламасы туралы түсіндірілді
Қазақстан Халық партиясы Түркістан облысы филиалының қызметкерлері Түркістан қаласында сайлауалды үгіт-насихат жұмысын жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Іс-шара барысында тұрғындар мен қала қонақтарына партияның сайлауалды бағдарламасы туралы ақпараттар беріліп, үгіт-насихат құралдары таратылды.
Сонымен қатар азаматтарға сайлаудың маңыздылығы түсіндіріліп, өз таңдауын жасап, сайлауға белсенді қатысуға шақырылды.