Сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары түсіндіріліп жатыр
Павлодар облысының қалалары мен ауылдық аудандарында Қазақстан Халық партиясының үгіт материалдарын тарату жұмысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тұрғындарға партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары қамтылған буклеттер таратылып, оның басымдықтары мен ұсыныстары түсіндіріліп жатыр.
Бұл жұмыс сайлаушыларға Қазақстан Халық партиясының ұстанымымен жақынырақ танысып, саналы таңдау жасауға мүмкіндік береді.