Қазақстан Халық партиясы Семейде жұмысшылармен кездесіп, еңбек жағдайын талқылады

Автор: Асыл Арман

Кездесу өндіріс орнында ұйымдастырылды

Фото: ҚХП/Видеодан скрин

Қазақстан Халық партиясының мүшелері Семейдегі «Силикат» ЖШС-де кәсіпорын ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу өндіріс орнында ұйымдастырылып, жұмысшылардың еңбек жағдайына қатысты мәселелер көтерілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Талқылау барысында отандық құрылыс материалдарын өндірушілерді қолдау, еңбекақының әділ төленуі және өндірістегі қауіпсіздік мәселелері сөз болды.

Кәсіпорын өкілдері жұмысшылардың ұсыныстары мен талаптарын ортаға салды. Кездесуде айтылған мәселелерді одан әрі қарау және олар бойынша нақты шешімдер әзірлеу қажеттігі атап өтілді.