Қазіргі уақытта қазақстандық футболшы лондондық клубтың маусымалды дайындығына қатысып жатыр
Лондондық «Челсидің» қазақстандық шабуылшысы Дастан Сәтбаев жаңа EA Sports FC 27 футбол симуляторында 72 балдық рейтингке ие болуы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
EA FC 27 ойынының шығуы 2026 жылдың 25 қыркүйегіне жоспарланған. Electronic Arts компаниясы ұсынған бұл ойын бұған дейін FIFA брендімен шығып келген танымал футбол симуляторлары сериясының кезекті бөлігі болмақ.
Amanvibe.kz порталының жазуынша, 17 жастағы Сәтбаев ойындағы болашағы ең жарқын жас қазақстандық футболшылардың бірі атануы мүмкін. Әзірлеушілер ресми рейтингтерді әлі ұсынған жоқ, дегенмен алдын ала мәліметтер бойынша, шабуылшының жалпы көрсеткіші 72 балды құрайды.
Қазіргі уақытта қазақстандық ойыншы лондондық клубтың маусымалды дайындығына қатысып жатыр. EA FC 27-де Сәтбаевқа жоғары даму потенциалы берілмек.
Еске сала кетейік, 28 шілдеде «Челси» халықаралық маусымалды турнесін аустралиялық «Вестерн Сидней Уондерерс» клубына қарсы жолдастық кездесумен бастады. Лондондықтар 6:4 есебімен жеңіске жетіп, 17 жастағы Дастан Сәтбаев негізгі құрамда алаңға шықты және жаңа командасы сапындағы дебюттік голымен көзге түсті.