Кездесуде тұрғындар толғандырған мәселелерін айтып, ұсыныстарын ортаға салды
Қазақстан Халық партиясының мүшелері Жамбыл облысында тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесу барысында тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді айтып, ұсыныстарын ортаға салды.
«Елдің мұң-мұқтажын тыңдап, ұсыныс-пікірлерін білу – біз үшін маңызды», – деп жазады партияның баспасөз қызметі.