Қазақстан Халық партиясы Төле би ауданында фабрика жұмысшыларымен кездесті

Автор: Асыл Арман

Фабрикада 150 адам жұмыс істейді

Фото: ҚХП/Видеодан скрин

Қазақстан Халық партиясының Түркістан облыстық филиалының қызметкерлері Төле би ауданындағы «Дана» тігін фабрикасының жұмысшыларымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Дана» тігін фабрикасы арнайы мамандарға киім тігумен айналысады. Фабрикада 150 адам жұмыс істейді. Тапсырыс көршілес мемлекеттерден түседі. Өнімді сапалы шығару үшін тігіншілердің кәсіби біліктілігін арттыруға аса мән беріледі.

Жұмысшыларға барлық жағдай жасалған, ыстық тамақпен қамтылған.