Партияның сайлауалды бағдарламасы туралы ақпарат берілді
«Ақ жол» демократиялық партиясының сайлауалды науқаны аясында «Central market» аумағында үгіт-насихат материалдарын тарату шарасын өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Ақ жол» ҚДП Жастар қанатының еріктілері Орталық базардың қызметкерлері мен тұтынушыларына партияның сайлауалды бағдарламасы, оның негізгі бастамалары мен басым бағыттары туралы ақпарат берді.
Ақпараттық-түсіндіру жұмысы барысында азаматтарға партия бағдарламасының негізгі ережелері мен алдағы сайлау туралы ақпарат қамтылған үгіт-насихат материалдары таратылды.