Тоқаев Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысын тағайындады

Автор: Асыл Арман

Ақорда арнайы хабарлама жариялады

Фото: Wikipedia

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысын тағайындады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мемлекет басшысының өкімімен Әділ Мәлікұлы Сүбебаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды», – делінген Ақорданың хабарламасында.