Шаруалар аграрлық саладағы өзекті мәселелерге қатысты ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салды
Құрылтай депутаттығына кандидат, «Ауыл» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Серік Егізбаев Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында «Жансая» шаруа қожалығының ұжымымен пікір алмасты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жиында өңірдегі ауыл шаруашылығын дамыту, егін және мал шаруашылығын өркендету, мемлекеттік қолдау тетіктерін тиімді пайдалану және ауыл кәсіпкерлігін дамыту мәселелері сөз болды. Шаруалар аграрлық саладағы өзекті мәселелерге қатысты ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салды. Сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіруге қатысты сауалдарын қойды.
Серік Егізбаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің ұсыныстарын тыңдап, агроөнеркәсіп кешенін дамытуға қатысты мәселелердің маңыздылығын атап өтті.