Шымкент қаласында Respublica партиясы жақтастарының форумы өтті
Жиынға қатысушылар алдында сөз сөйлеген партияның тең төрағасы Динара Шүкіжанова өзі отандық өнімнің жанашыры екенін айтып, дүкенге барғанда ең алдымен «Made in Kazakhstan» деген таңбасы бар тауарларды таңдауға ерекше мән беретінін жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның айтуынша, Қазақстанда өндірілген әрбір өнімнің артында мыңдаған адамның адал еңбегі, кәсіби білігі мен маңдай тері тұр.
«Made in Kazakhstan» – жай ғана белгі емес. Бұл – өз еліміздің өндірісіне, еңбек адамына және кәсіпкеріне деген құрметтің көрінісі. Отандық өндіріс дамыса, жаңа жұмыс орындары ашылады, отбасылардың әл-ауқаты артады, ал еліміздің экономикасы одан әрі нығая түседі», – деді Динара Шүкіжанова.
Ол отандық өнімді таңдау – әрбір қазақстандықтың ел экономикасына қосқан нақты үлесі екенін атап өтті.