Respublica банк саласының өкілдерімен қаржы секторын дамыту мәселелерін талқылады

Автор: Аягөз Құрмаш

Кездесу ашық форматта өтті

Фото: Respublica партиясының баспасөз қызметі

Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров пен партияның тең төрағасы Максим Барышев Алматы қаласында банк саласының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ашық диалог форматында өткен кездесуде қаржы секторындағы өзекті мәселелер, банк заңнамасын жетілдіру, бәсекелестікті дамыту, цифрландыру үдерісін жеделдету және қаржылық қызметтердің қолжетімділігін арттыру бағыттары талқыланды.

Сондай-ақ қатысушылар экономиканың тұрақты дамуына, кәсіпкерлікті қолдауға және қаржы нарығының тиімділігін арттыруға ықпал ететін заңнамалық бастамалар мен нақты ұсыныстар жөнінде пікір алмасты.