Алматы жастарымен ашық форматта кездесу өтті
Respublica партиясының Республикалық сайлауалды штабының өкілдері – партияның тең төрағалары Бейбіт Әлібеков пен Динара Шүкіжанова, VIII шақырылым Мәжіліс депутаты Динара Наумова және партия төрағасының жастар ісі жөніндегі кеңесшісі Тоқтар Болысов Алматы жастарымен ашық форматта кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесуге студенттер, жас мамандар мен жас кәсіпкерлер қатысып, партияның сайлауалды бағдарламасындағы бастамалар төңірегінде пікір алмасты. Әсіресе жастар кәсіпкерлігін дамыту, білім беру сапасын арттыру, жұмыспен қамту және жастардың өз әлеуетін толық жүзеге асыруына жағдай жасау мәселелері кеңінен талқыланды.
Кездесу еркін диалог форматында өтті. Қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, партия өкілдерінен нақты жауап алды. Сонымен қатар жастар саясатын жетілдіруге қатысты ұсыныстарын ортаға салып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.