Жиында өндіріс секторын қолдау, кәсіпкерлікті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу және еңбек жағдайын жақсарту мәселелері сөз болды
«Ауыл» партиясының Алматы облысынан Құрылтай депутаттығына кандидаттары Жамбыл ауданының Үңгіртас ауылындағы «Plast Invest Production» ЖШС ұжымымен пікір алмасты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жиында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылды.
Сонымен қатар өндіріс секторын қолдау, кәсіпкерлікті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу және еңбек жағдайын жақсарту мәселелері сөз болды.
Кәсіпорын қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жұмыс пен өндіріс саласына қатысты ұсыныстарын білдірді.