Кездесуде денсаулық сақтау жүйесін дамыту, медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдау және өңірдегі өзекті мәселелер сөз болды
«Ауыл» партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат Асхат Бәзілов Ақсу аудандық орталық ауруханасының ұжымымен пікір алмасты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесу барысында кандидаттың сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, денсаулық сақтау жүйесін дамыту, медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдау және өңірдегі өзекті мәселелер сөз болды. Аурухана қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, денсаулық сақтау саласына қатысты пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.
Жиын соңында медицина мамандары тарапынан айтылған ұсыныстар назарға алынатыны жеткізілді.