«Байтақ» партиясы ауыл-аймақты аралады

Автор: Аягөз Құрмаш

Жиында түрлі тақырып қозғалды

Фото: «Байтақ» партиясының баспасөз қызметі

«Байтақ» жасылдар партиясынан Құрылтай сайлауына депутат Айман Сексенова Ақтөбе өңірі халқымен кездесуді жалғастырды. Бұл жолы ол Мәртөк ауданының Сарыжар ауылына барып, тұрғындарға сайлауалды бағдарламаны түсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ауыл болашағы, әлеуметтік мәселелер, экологиялық ахуал және өңірдің одан әрі дамуы. Жұрт өздерін алаңдатқан түйткілдерді ортаға салып, ұсыныстарын айтты.

«Біз халыққа тек бағдарлама мен ұстанымымызды жеткізбейміз. Ең әуелі оларды тыңдап, толғандырған мәселесін талқылаймыз. Соның негізінде шешу жолдарын іздеуге тырысамыз», - деп атап өтті кандидат.

Кездесуде аға буын өкілдері ерекше белсенді болды. Ел келешегіне бейжай қарамайтындығын айтқан ақсақалдар түрлі түйткіл бойынша өз пікір-ескертпесін ортаға салды. 

Жасылдар партиясының өкілдері мұндай кездесуді жалғастыра бермек. Осылайша халықтың ұсыныстары мен жергілікті жердегі өзекті мәселелерді партияның алдағы жұмысында ескеруге ниетті.