Кездесу ашық диалог форматында өтіп, оған 18 адам қатысты
«Байтақ» жасылдар партиясынан Құрылтай сайлауына кандидат Сәуле Қамытбекова «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне барып, еңбек ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Үгіт-насихат жұмысы аясында ол партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, табиғатты қорғау, биоалуандықты сақтау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту мәселелерін талқылады.
Ұлттық парк қызметкерлері саладағы өзекті мәселелер көтеріп, ұсыныстарды ортаға салды. Тараптар қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану жөнінде пікір алмасты.