Кездесу барысында кандидаттар ЖСДП-ның сайлауалды бағдарламасындағы негізгі бағыттарды таныстырды
ЖСДП атынан Құрылтай депутаттығына кандидаттар Мақсұт Насибулов пен Нұрлан Жабаев Ақмола облысы Аршалы ауданына қарасты Николаевка ауылының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесу барысында кандидаттар ЖСДП-ның сайлауалды бағдарламасындағы негізгі бағыттарды таныстырды.
Сонымен қатар ауыл тұрғындары өздерін толғандырған мәселелерді айтып, кандидаттарға сұрақтарын қойды. Кездесуде тұрғындардың ұсыныстары мен пікірлері тыңдалды.