Ол қос сайыста жалпы 281 келі (129+152) көтерді
Қазақстан құрамасының өкілі Бейбарыс Ерсейіт Ташкентте өтіп жатқан ауыр атлетикадан 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық спортшы қос сайыста жалпы 281 келі (129+152) көтерді.
Бейбарыс Ерсейіт жұлқа көтеруде де үздік атанды. Спортшының қос сайыстағы және жұлқа көтерудегі нәтижелері U17 санатындағы Азия рекорды ретінде тіркелді.