Бақыт Есімова Президент Әкімшілігінде жаңа қызметке тағайындалды

Автор: Асыл Арман

Ақорда тағайындау жөнінде арнайы хабарлама жариялады

Фото: bolashak.gov.kz

Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің жаңа меңгерушісі тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мемлекет басшысының өкімімен Бақыт Амангелдіқызы Есімова Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды», – делінген Ақорданың хабарламасында.

Ол Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты Майқайың ауылында 1984 жылдың 29 қаңтарында туған. Тілдерді меңгеруі: Қазақ, орыс, ағылшын және корей тілдерін меңгерген.

Білімі:

«Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендиаты:

  1. Санкт-Петербург мемлекеттік инженерлік-экономикалық университеті (2006) – «Экономист» мамандығы.
  2. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті – «Құқық магистрі».
  3. Калифорния университеті (АҚШ) – «Мемлекеттік саясат магистрі».

Еңбек жолы:

  • 2006-2007: «Қазақстан жастарының конгресі» заңды тұлғалар бірлестігінде менеджер, атқарушы директор аппаратының басшысы.
  • 2008-2010: ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде стратегиялық жоспарлау және жұртшылықпен байланыс басқармасының бастығы.
  • 2011-2013: Ақмола облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы.
  • 2013-2015: Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы.
  • 2015-2017: Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы.
  • 2020-2022: Қостанай облысы әкімінің орынбасары (әлеуметтік сала бойынша).
  • 2022 жылдан бастап бүгінге дейін – Президент Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімі меңгерушісінің орынбасары.