Қарқаралы ұлттық паркінде волонтерлер жартастарды жазулардан тазартты

Автор: Дәулет Ботагөз

Акция тарихи, мәдени және табиғи нысандарға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Өз елімізде із қалдырмай Sayahattime» жобасы аясында ұйымдастырылды

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде «Мәдени мұра» клубының волонтерлері мен Қарағанды облысының белсенді тұрғындары жартастарды вандалдық жазулардан тазартты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Акция тарихи, мәдени және табиғи нысандарға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Өз елімізде із қалдырмай Sayahattime» жобасы аясында ұйымдастырылды. Жобаны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қазақстанның Азаматтық Альянсы мен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен «Тарихи-мәдени бағыттағы волонтерлікті дамыту» бағыты бойынша шағын грант иегері Жанарай Санақбай жүзеге асырып келеді.

Бастама тарихи-мәдени және табиғи мұраны сақтауға волонтерлерді жұмылдыруға, вандализмнің алдын алуға және тұрғындарды қоғамдық маңызы бар жұмыстарға тартуға бағытталған.

Мұндай акциялар табиғи нысандар мен мәдени мұраны қорғауға, жастардың ұлттық құндылықтарға жанашырлықпен қарауына ықпал етеді.