9 тамызда Қазақстанның төрт қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі
9 тамызда Қазақстанның төрт қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Осыған байланысты синоптиктер тұрғындарға сыртқа шығуды жоспарлағанда ауа райы факторын ескеруді ұсынады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамынша, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Ақтөбе, Алматы және Астана қалаларында, ал Атырау қаласында түнгі уақытта байқалады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – бұл атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді факторлардың жиынтығы. Мамандардың мәліметінше, бұл қалаларда баяу жел, инверсия және тұман сияқты факторлар бірігіп, жерге жақын қабатта ластаушы заттардың шоғырлануына әкеп соғады. Мұндай жағдай адам денсаулығына тікелей әсер етуі мүмкін.
Ауаның ластануы кезінде мамандар келесі ережелерді сақтауды ұсынады: