9 тамызда бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

Автор: Алмас Ерсін

Синоптиктер Алматы, Шымкент қалалары мен Қазақстанның барлық 17 облысында аптап ыстық, найзағай, шаңды дауыл, тұман және жоғары өрт қаупі сақталатынын ескертті

Фото: © istockphoto.com

Синоптиктер 9 тамызға арналған дауылды ескерту жариялады. Алматы, Шымкент қалалары мен Қазақстанның 17 облысында қауіпті ауа райы құбылыстары болатынын ескертті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Атырау облысында күндіз ауа температурасы +35...+39°C-қа дейін көтеріледі. Облыс аумағында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында да төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде күндіз өткінші жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде күндіз ауа температурасы +35...+36°C-қа дейін ысиды. Батысы мен солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының орталығы мен шығысында күндіз шаңды дауыл болады. Ауа температурасы +40...+43°C-қа дейін көтеріледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында да күндіз шаңды дауыл соғып, ауа температурасы +40...+42°C болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде және орталығында жоғары, ал оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде де түнде және таңертең тұман болады.

Абай облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде күндіз ауа температурасы +36°C-қа дейін көтеріледі. Орталығында жоғары, ал оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысында күндіз ауа температурасы +35...+38°C болады. Облыстың солтүстігінде жоғары, ал батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қаласында күндіз +36...+38°C ыстық болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының батысы мен орталығында күндіз желдің екпіні секундына 15-18 метрге жетеді. Облыстың батысында жоғары, ал солтүстік-шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде күндіз ауа температурасы +36°C болады. Шығысы мен оңтүстігінде төтенше, ал батысында, солтүстігінде және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының шығысы мен оңтүстігінде түнде желдің екпіні секундына 15-18 метрге жетеді. Күндіз ауа температурасы +35...+39°C болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда күндіз +35...+37°C ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында күндіз өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. Ауа температурасы +35...+38°C болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Орал қаласында күндіз +35...+36°C ыстық болады.

Жетісу облысында күндіз ауа температурасы +35...+37°C-қа дейін көтеріледі. Облыстың оңтүстігі мен батысында жоғары, ал шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда күндіз +35...+36°C ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысында күндіз ауа температурасы +35°C болады. Облыстың батысында төтенше, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда күндіз +35°C ыстық күтіледі.

Алматы қаласында күндіз ауа температурасы +35°C-қа дейін көтеріледі. Іле Алатауының таулы аймақтарында, сондай-ақ Медеу және Бостандық аудандарының таулы бөліктерінде күндіз өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі.

Алматы облысының таулы аудандарында күндіз өткінші жаңбыр мен найзағай болады. Ауа температурасы +35...+38°C-қа дейін көтеріледі. Облыстың батысы мен солтүстігінде төтенше, ал оңтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта күндіз +36°C ыстық болады.

Шымкент қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының таулы аудандарында күндіз өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. Ауа температурасы +40...+41°C болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады, солтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістан қаласында күндіз +40°C ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында күндіз жаңбыр мен найзағай күтіледі. Ауа температурасы +38°C-қа дейін көтеріледі. Облыс бойынша төтенше, ал шығысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Тараз қаласында күндіз +38°C ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Облыстың орталығы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Павлодар қаласында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысында күндіз ауа температурасы +35...+37°C болады. Облыстың батысында, шығысында және орталығында жоғары, ал оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанай қаласында күндіз +35...+36°C ыстық болады.