Кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылды
Қазақстан Халық партиясы Түркістан облысы Жетісай ауданы өкілдігінің төрағасы Мұрат Айдарбеков Ж.Нұрлыбаев ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесу барысында Қазақстан Халық партиясының өкілі сайлауалды үгіт-насихат жұмысын жүргізді. Сол сияқты партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, үгіт-насихат материалдары таратылды.