Кездесуде ардагерлер мен аға буынға көрсетілетін әлеуметтік қолдау мәселелері қозғалды
Қазақстан Халық партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат Болат Смағұлов, Найля Аппасова мен партия белсендісі Ұлан Боранбайұлы Астана қаласындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесуде ардагерлер мен аға буынға көрсетілетін әлеуметтік қолдау, орталықтардың қаржыландырылуы, қызметкерлердің жалақысы және қарттардың қоғамдық өмірге белсене араласуы сөз болды.
«ҚХП ұстанымы нақты: «Қадірлі қарттық – тек әлеуметтік қорғау емес, бұл әр азаматтың қоғамда сұранысқа ие болып, белсенді өмір сүруіне жағдай жасау», – делінген партия хабарламасында.