Кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылды
«Ақ жол» демократиялық партиясы Батыс Қазақстан облыстық штабының өкілдері Батыс Қазақстан облысы әкімдігі Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Чапаев орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің еңбек ұжымымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесу барысында «Ақ жол» демократиялық партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылды.
Іс-шара барысында еңбек ұжымына партияның сайлауалды бағдарламасы қамтылған үгіт-насихат материалдары таратылып, қызметкерлердің ұсыныс-пікірлері тыңдалды.