Партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылды
«Ақ жол» демократиялық партиясы Батыс Қазақстан облыстық штабының өкілдері Ақжайық ауданындағы «Иона» және «Машенка» сауда үйлерінде кәсіпкерлермен, сатушылармен және тұрғындармен кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесу барысында «Ақ жол» демократиялық партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, тұрғындарға бағдарламаның басым бағыттары кеңінен түсіндірілді.
Іс-шара аясында сауда үйлерінде және аудан көшелерінде тұрғындарға партияның сайлауалды бағдарламасы қамтылған үгіт-насихат материалдары таратылып, олардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды.