ЖСДП Ақтөбеде көпқабатты үйлерді басқару мәселелерін талқылады

Автор: Асқарова Қарлығаш

Кездесу барысында тұрғын үйлерді басқаруда кездесетін түйткілдерді шешуге баса назар аударылды

Фото: ЖСДП баспасөз қызметі

Ақтөбеде Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының  облыстық филиалы көпқабатты тұрғын үйлерді басқару жүйесін жетілдіруге арналған дөңгелек үстел өткізді. Жиынға тұрғын үйді басқаратын бірлестіктердің өкілдері мен партия мүшелері қатысты,  деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кездесу барысында тұрғын үйлерді басқаруда кездесетін түйткілдер, тұрғындардың мүддесін қорғау, заңнаманы жетілдіру, коммуналдық қызметтердің сапасын арттыру және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылды жақсарту мәселелері сөз болды.

«Тұрғын үйді басқару жүйесін жетілдіру коммуналдық қызметтердің сапасын арттыруға, тұрғын үй қорын сақтауға және тұрғындарды ортақ мүлікті басқаруға белсенді тартуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті жиынға қатысушылар.

Жиында айтылған ұсыныстар жинақталып, кейін уәкілетті мемлекеттік органдарға жолданады.