Осыған байланысты елімізде 10-15 тамыз аралығында өкпе обыры туралы ақпараттандыру апталығы өтеді
Қазақстанда жыл сайын 4 мыңға жуық адамға өкпе обыры диагнозы қойылады. Дерт салдарынан жыл сайын шамамен 2 мың адам көз жұмады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дәрігерлердің айтуынша, өлім-жітім көрсеткішінің жоғары болуына аурудың кеш анықталуы себеп болып отыр. Өкпе обыры алғашқы сатысында көп жағдайда ешқандай белгі бермейтіндіктен, науқастар дәрігерге кеш қаралады. Осыған байланысты елімізде 10-15 тамыз аралығында Өкпе обыры туралы ақпараттандыру апталығы өтеді.
Апта аясында тұрғындар онколог мамандардың кеңесін алып, қауіп тобына жататын азаматтар төмен дозалы компьютерлік томографиядан (КТ) тегін өте алады.
Тегін тексеруден:
Ақпараттандыру апталығы 15 тамызда еліміздегі барлық онкологиялық орталықтарда ұйымдастырылатын Ашық есік күнімен қорытындыланады. Бұл күні тұрғындар дәрігерлердің қабылдауына жазылып, профилактикалық тексеруден өте алады.