Елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталып, оңтүстікте ауа температурасы +40 градусқа дейін көтеріледі
7 тамызда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз, жылы ауа райы сақталады. Елдің оңтүстігінде ауа температурасы қайтадан +40 градусқа дейін көтеріледі. Шығыс және солтүстік-шығыстың жекелеген өңірлерінде ғана жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +11...+13, күндіз +26...+28.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +32...+34.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +20...+22, күндіз +35...+37.
Ақтөбеде аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +33...+35.
Ақтауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +23...+25, күндіз +32...+34.
Атырауда ашық, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +21...+23, күндіз +35...+37.
Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +19...+21, күндіз +33...+35.
Қарағандыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +14...+16, күндіз +27...+29.
Көкшетауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +12...+14, күндіз +21...+23.
Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +17...+19, күндіз +33...+35.
Қостанайда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +12...+14, күндіз +25...+27.
Қызылордада аз бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +23...+25, күндіз +37...+39.
Павлодарда құбылмалы бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +15...+17, күндіз +26...+28.
Петропавлда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +10...+12, күндіз +23...+25.
Семейде құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +15...+17, күндіз +28...+30.
Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +14...+16, күндіз +33...+35.
Таразда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +17...+19, күндіз +34...+36.
Түркістанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +21...+23, күндіз +38...+40.
Оралда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +15...+17, күндіз +32...+34.
Өскеменде құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +15...+17, күндіз +28...+30.