Кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылды
Қазақстан Халық партиясы Түркістан облыстық филиалының қызметкерлері Түркістан қаласындағы Түркістан жоғары индустриялық-техникалық колледжінің ұжымымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, білім беру саласы, жастардың болашағы, әлеуметтік мәселелер және елдің тұрақты дамуына қатысты маңызды мәселелер талқыланды.