Қазақстан Халық партиясы Қарағандыда ЖОО ұжымымен кездесті

Автор: Асыл Арман

Кездесуде сайлауалды бағдарламаның негізгі басымдықтары жан-жақты түсіндірілді

Фото: ҚХП/Видеодан скрин

Қазақстан Халық партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмысы аясында Қарағанды индустриялық университетінің ұжымымен кездесу өтті. Кездесуге қоғамдық бірлестіктер мен кәсіподақ ұйымдарының өкілдері де қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кездесу барысында қатысушыларға Қазақстан Халық партиясының «Ел байлығы – халық игілігіне!» атты сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтары мен мақсат-міндеттері жан-жақты түсіндірілді. Әсіресе жоғары білім беру жүйесін дамыту, білікті мамандар даярлау, қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғау, жас мамандарды қолдау, білім беру сапасын арттыру және қоғамдық бірлестіктер мен кәсіподақтармен өзара ынтымақтастықты нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу барысында қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын айтып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Барлық сұрақтарға толық әрі жан-жақты жауаптар берілді.