Кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылды
«Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Алматыдағы «Aquila Logistics» ЖШС ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында «Ақ жол» демпартиясының төрағасы Дания Еспаева бастаған республикалық штаб мүшелері мен партия атынан Құрылтай депутаттығына ұсынылған кандидаттар Алматы қаласындағы «Aquila Logistics» ЖШС ұжымымен кездесу өткізді.
Жиынға қатысқандардың басым бөлігін жастар құрады.
Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылды. Сондай-ақ кәсіпкерлікті қолдау, логистика саласын дамыту және жастардың мүмкіндігін кеңейтуге қатысты өзекті мәселелер талқыланды.