Кәсіпорындардың тиімділігін арттыру мәселесі талқыланды
Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының хатшысы әрі Құрылтай сайлауына кандидат Владимир Мартель Алматыдағы ауыр машина жасау зауытына барып, еңбек ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Шарада партияның негізгі ұстанымдары мен сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары таныстырылды.
Тараптар өнеркәсіпті экологиялық жаңғырту, өндірістің қоршаған ортаға әсерін азайту, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және отандық өндірісті қолдау мәселелерін талқылады.
«Өнеркәсіпті экологиялық жаңғырту экономиканың дамуына және жұмыс орындарының сақталуына кері әсер етпеуге тиіс. Ол өндіріс орындарында заманауи технологияларды енгізу арқылы жүзеге асады. Кәсіпорындардың тиімділігін арттыру, қоршаған ортаға түсетін жүктемені азайту да маңызды мәселе», - деді Владимир Мартель.