«Ауыл» партиясы Жетісу облысында ауылды дамыту мәселелерін талқылады

Автор: Асқарова Қарлығаш

Кездесу аясында Бесқайнар ауылында «Ауыл кеші көңілді» фестивалі ұйымдастырылды

Фото: видеодан скриншот

Жетісу облысының Бесқайнар ауылында «Ауыл» партиясының сайлауалды науқаны аясында «Ауыл кеші көңілді» фестивалі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Іс-шара барысында Құрылтай депутаттығына кандидаттар Ерболат Саурықов пен Асхат Бәзілов ауыл тұрғындарымен ауыл шаруашылығын дамыту, фермерлерді қолдау, жаңа жұмыс орындарын құру, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жетілдіру, сондай-ақ жастарға қолдау көрсету мәселелерін талқылады.

«Ауылдың әлеуеті ең алдымен оның тұрғындарының ұсынысы мен бастамасынан көрінеді. Сондықтан біз үшін халықтың пікірін тыңдап, жергілікті жерде көтерілген мәселелерге назар аудару маңызды», – деді Құрылтай депутаттығына кандидат Ерболат Саурықов.

Фестиваль аясында тұрғындар QR-код арқылы өз ұсыныстары мен бастамаларын жолдады. Сонымен қатар ұлттық ойындар, концерттік бағдарлама және спорттық жарыстар ұйымдастырылды.