Пария өкілдері мұғалім мамандығының беделін көтеру туралы сөз қозғады
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиядан Құрылтай депутаттығына кандидаттар Көкшетау қаласындағы №19 орта мектептің педагогикалық ұжымымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесу барысында білім беру жүйесін дамыту, педагогтердің әлеуметтік жағдайы, мектеп инфрақұрылымы, кадр тапшылығы, жас мамандарды қолдау және мұғалімдердің еңбек жағдайына қатысты мәселелер талқыланды. Сондай-ақ педагогтер еңбекақы, әкімшілік жүктемені азайту, ауыл мектептерін қолдау және білім беру саласын жетілдіруге қатысты сауалдарын қойып, ұсыныстарын білдірді.
«Мұғалім шексіз есеп берумен емес, балаларды оқытумен айналысуы керек. Біз педагогтердің бюрократиялық жүктемесін азайтуды, әділ еңбекақы төлеуді, әлеуметтік кепілдіктерді кеңейтуді және мұғалім мамандығының қоғамдағы беделін арттыруды қолдаймыз», – деді ЖСДП-дан Құрылтай депутаттығына кандидат Ару Алшынбай.
Кездесу соңында айтылған ұсыныстар жинақталып, оларды алдағы жұмыс барысында қарастыру мәселесі сөз болды.