Қазақстан су добынан әлем чемпионатында Уругвайды ойсырата жеңді

Автор: Аягөз Құрмаш

Сайыс жасөспірімдер арасында болған

Фото: Olimpik.kz

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы су добынан Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында ел намысын қорғап жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Үшінші кездесуде қазақстандық спортшылар Уругвай құрамасын ірі есеппен жеңді. Матч 22:5 есебімен аяқталды. Қазақстан құрамасының ойыншысы Максим Сасин кездесудің үздік ойыншысы атанды.

Бүгін, 6 тамызда, Қазақстан құрамасы Түркиямен кездеседі.

Еске салсақ, әлем чемпионатының алғашқы матчында ұлттық құрама Мысырға есе жіберсе, екінші ойында Сингапурдан басым түсті.