Атырау облысындағы Жалғызапан ауылының маңы алапат отқа оранды (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

«Ауыл құтқарушылары» еріктілері құрғақ шөптің жануын сөндірді

Фото: Видеодан скрин

Атырау облысының Құрманғазы ауданына қарасты Сүйіндік ауылынан 25 шақырым жерде орналасқан Жалғызапан ауылының маңындағы ашық аумақта қурай өртенді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ мәліметінше, оқиға орнына «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасының еріктілері жедел жетіп, үйлесімді әрі жедел іс-қимылдарының арқасында өртті толық сөндіріп, жалынның одан әрі таралуына жол бермеді. Зардап шеккендер жоқ.

«ТЖМ ескертеді: ыстық әрі желді ауа райында өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтаңыз. Ашық отты пайдаланбаңыз және құрғақ өсімдіктерді өртеуге жол бермеңіз», – делінген ведомство хабарламасында.