Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылды
Қазақстан Халық партиясы Түркістан облыстық филиалының қызметкерлері Түркістан қаласындағы «Оңтүстік Жарық Транзит» мекемесінің қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, еңбек адамдарының мүддесін қорғау және халықтың әл-ауқатын арттыру бағыттары бойынша ақпарат берілді.
Сонымен қатар, кездесуге қатысушылардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, қоғамдағы өзекті мәселелер жөнінде ашық пікір алмасу өтті.