Бұл туралы Wall Street Journal (WSJ) газеті хабарлады
АҚШ-тың Федералдық азаматтық авиация басқармасы ел президенті Дональд Трамптың тікұшағының Ақ үй аумағындағы алаңқайдан ұшып шыққан кездегі қауіпсіздік стандарттарының бұзылу себептерін анықтап жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақпаратқа сәйкес, қауіпсіздік нормалары бойынша Трамптың Ақ үйден жоспарланған ұшуына байланысты Вашингтон төңірегінде орналасқан Рональд Рейган атындағы әуежайдан коммерциялық рейстердің ұшуы уақытша тоқтатылуы тиіс болған.
Белгіленген стандарттарға сай, басқа әуе кемелері президенттік тікұшаққа 1,5 мильден жақын қашықтықта жақындай алмайды. Бұл ретте аталған нормалар сақталмаған.