Ақтөбе облыстық штабы велошабандозға түскі ас ұйымдастырды
Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданынан Астана қаласына бағыт алған ерікті велошабандоз Ақтөбе қаласындағы сапарын аяқтап, Хромтау қаласына қарай жолға шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Ақ жол» партиясының өкілдері сапар барысында Ақтөбе облыстық штабы велошабандозға түскі ас ұйымдастырып, алдағы жолына сәттілік тіледі. Кейін облыстық филиал төрағасы Ұлан Қозыбақов бастаған штаб мүшелері оны салтанатты түрде шығарып салып, Хромтау бағытына аттандырды.
Ерікті велошабандоздың сапары – азаматтық белсенділік пен елдің болашағына бейжай қарамайтын жандардың ортақ құндылықтарды дәріптеуге қосқан үлесінің жарқын көрінісі.