Олар «Қазақстан полициясына 30 жыл» төсбелгісімен марапатталды
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні ұстаған полиция қызметкерлері марапатталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Белгілі болғандай, Батыс Қазақстан облысы ПД бастығы Арман Оразалиев қарулы қылмыскерді ұстау кезінде батылдық пен кәсібилік танытқан полиция капитаны Еркебұлан Жұмақашев пен полиция старшинасы Берік Лукпановты «Қазақстан полициясына 30 жыл» төсбелгісімен марапаттады.
Айта кетейік, 31 шілде күні Орал қаласындағы дүкендердің бірінде бетперде таққан ер адам сатушыны пышақпен қорқытып, кассадағы ақшаны алып кеткен. Жедел-іздестіру барысында күдікті көп ұзамай ұсталып, қылмыстың беті ашылды. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.